Halyq Uni логотип
×

Президент Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

73 жасқа қараған шағында танымал сатирик Көпен Әмірбек қайтыс болды

 Халық үні 09.11.2022 | 21:37
Президент Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты
Фото: semeytany.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

«Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бүгін 73 жасқа қараған шағында танымал сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама