«Біресе антикор, біресе гаи, тіпті әкімнің орынбасары болады...»: пародист жігіт сотталды
Жігіт алаяқтығы мен жемқорлыққа итермелегені үшін жеті жыл алты айға сотталды
Белгілі журналист Ерқанат Көпжасар Нұрбол есімді пародист жігіттің 7 жыл 6 айға сотталғанын хабарлады.
Айтуынша, бұл жігіт танымал әншілерді атақты адамдардың дауысын салып, таныстарының тойына шақырып отырған.
«Біресе антикор, біресе гаи, тіпті әкім орынбасары одан қалса вице министр бола салатын мына Нұрбол деген жігіт естеріңізде шығар. Ылғи шенеуніктерді телефонмен қыршып жүретін осы бала. Найнти уанның продюсері Ерболатқа да Дәулет Тұрлыханов болып звондаған осы. Нағыз пародист. Танымаш әншілерді атақты адамдардың дауысын салып таныстарының тойына шақырып алатын», – деп жазды ол.
Журналист әккі жігіттің тіпті Ақтау қаласының әкімдігіне барып, антикор қызметкері болып, бизнес үшін жер бопсалағанын да айтады.
«Нағыз «Поймай меня если сможешь» киносының қазақша нұсқасы. Бүгін енді осы бала алаяқтығы мен жемқорлыққа итермелегені үшін жеті жыл алты айға сотталды. Енді 2030 да бірақ шығады абақтыдан. Солай. Мұны жазып отырған себебім - Қазақияның заңдарын түсіне алмай дал болып отырмын. Отанға опасыздық жасағандар, миллиардтарды қылғытқандар қалай алты жылға сотталады осы?! Біздікі қандай заң өзі?! Әрине қылмысты ақтағым жоқ. Әркім қылмысына сай жазасын алуы керек. Әйтсе де Бандитский Петербургтегі «тауық ұрлағандар қамалады, вагондап ұрлағандар бақытты өмір сүреді» деген әңгіме пост кеңестік мемлекетте әлі күнге дейін мазмұнын жоғалтпағаны қынжылтады», - дейді Ерқанат Көпжасар.