Павлодар облысының тұрғындары көмірді кредитке ала алады
Бұл мүмкіндікті тұрғындар әлі пайдаланбаған
Павлодар облысының тұрғындары көмірді несиеге ала алады, деп хабарлады inbusiness.kz.
Кредитті төлеу мерзімі – 2 жыл (24 ай). Қаржыны екінші деңгейлі банктер бөледі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, бұл мүмкіндікті әлі ешкім пайдаланбаған. Себебі банктің үстемақысы – 10%.
Департамент қызметкерлерінің пікірінше, бұл адамдарға тиімді болмауы мүмкін.
Сондай-ақ кредит тарихына сүйенсек, несиенің пайызы жеке есептеледі. Көмірді жеткізу ақысы қашықтыққа байланысты жеке төленеді.
Несиені онлайн рәсімдеуге болады. Алайда көмірге тапсырыс беруші бәрібір сатушыға баруы керек.