×

Енді елімізде паспортты цифрлық форматта алуға болады

Бүгінде 18 құжат цифрландырылған

 Динара Амантай 09.11.2022 | 17:16
Фото: tengrinews.kz/Alikhan Sariyev

Қазақстандықтардың паспорты цифрлық форматта қолжетімді болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграм арнасында жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 «Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінде қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін, - деп жазды министр.

Еске сала кетсек,бүгінде паспорттан басқа, ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді. Бұл – жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және тағы басқа құжаттар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама