×

«Астана-Зеленстрой» директоры 9 млн теңге пара алғанын мойындады

Оның кінәсі сотта шешіледі

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2022 | 15:09
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бас директоры Айбар Наурызәліге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Наурызәлі 2 қыркүйек күні «Табиғат НС Сервис» ЖШС-нің директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттары негізінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деген күдікке ілігіп отыр, – делінген хабарламада.

Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және басқа да материалдармен расталады.

Айбар Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.

Оның кінәсі сотта шешіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама