Әлем чемпионаты: Ерғали Шамей алтын медальді жеңіп алды

Дастан Жұмабекұлы

Қазақстан парадзюдошылары тағы екі қола жүлдеге ие болды

фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, екі қола жүлдемен толықты.

Бұған дейін елімізге алғашқы алтын медальді 48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбектің жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен  Ерғали Шамей финалдық белдесуде Германияның балуаны Сасс Леннартты 1:0 ұпаймен жеңіп, екінші алтын жүлдені иеленді.

Әлем чемпионатының қола жүлдесі Даяна Федосова (-57 кг) мен Олжас Оразалыұлына (-73 кг) бұйырды.

Парадзюдодан әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін болады. Оған 41 мемлекеттен 270 балуан қатысса, Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғап жатыр.