Оның бағасы шамамен 8 406 теңге
Бүгін Үкіметтің «ҚазМұнайгаз» компаниясы акцияларын халықтық ІРО-ға шығаруға қатысты қаулысы жарияланды.
Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы санының 15,42 пайызынан аспайтын, компанияның 94 109 125 жай акциясын қордың жалғыз акционерінің шешімімен бекітілетін қордың директорлар кеңесінің шешімімен айқындалатын баға, сан және құрылым бойынша иеліктен шығарсын, – делінген қаулыда.
Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Акцияның бағасы шамамен 8 406 теңге.
Жақында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 30 505 974 акцияны сатуға ниеттеніп отырғанын хабарлаған болатын.