×

Украина NASAMS және Aspide ракета кешендерін алды

Қараша айында Hawk жүйелері мен олардың снарядтары келеді

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2022 | 13:10
фото: gagadget.com

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников АҚШ-тың NASAMS және Aspide зенитті-ракета кешендерінің келіп жеткенін растады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Қараңыздар, олар келді! NASAMS және Aspide зенитті-ракета кешендері жетті. Айтатыны жоқ, бұл қарулар украин армиясын айтарлықтай күшейте түсіп, біздің аспанымыздың қауіпсіздігін арттырады. Біз жаудың шабуыл жасаушы нысандарын осылармен құртып отыратын боламыз. Біздің Норвегия, Испания және АҚШ елдеріндегі әріптестерімізге рахмет! – деп жазды ол Twitter-де.

АҚШ Украинаға әуе шабуылына қарсы NASAMS жүйесінің сегізін беруге уәде еткен еді. Солардың екеуі қазір келіп үлгерді. Жақын арада олар іске қосылады. Қараша айында Испания Украинаға тағы да Aspide, Hawk жүйелері мен олардың снарядтарын әкеп бермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама