×

Мәжіліс спикері белсенді емес депутаттарға қатысты пікірін айтты

Қошановтың айтуынша, олар жұмыс істеп жүр

 Дәурен Ерболат 09.11.2022 | 12:48
Фото: Halyq Uni

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов аса белсенді емес депутаттарға қатысты пікірін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

...Депутаттардың белсенділігі әртүрлі шығар. Бірақ бәрі жұмыс істеп жүр. Мысалы, негізгі жұмыстар комитеттері мен жұмыс тобында, пікірталастар да сонда болады. Сіздер тек пленарлық отырысқа келмей, жұмыс тобы мен комитеттердің жұмысын насихаттасаңыздар дұрыс болады деп ойлаймын», - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Айта кетейік, Парламенттің төменгі палатасында барлығы 107 депутат бар. 

Еске салайық, 2023 жылы Мәжіліс сайлауы өтеді. 

«Биыл Президент сайлауы, келесі жылы - Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы болады. Кейін үкімет жасақталады», – деген еді Президент биыл Қазақстан халқына жолдауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама