Президент Самарқандқа сапарлап барғалы отыр
Өзбекстанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді
Биыл 10-11 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.
Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.