×

Әкімдік өкілдерін пара беруге итермелеген «Антикор қызметкері» сотталды

Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды

 Динара Амантай 09.11.2022 | 11:29
Фото: turkystan.kz

Ақтауда алаяқтық пен пара беруге итермелегені үшін өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырған азамат 7 жылға сотталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, 9 қарашада Ақтау қалалық сотының алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін азаматтар Кәрімов пен Батырхановқа мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, сәйкесінше 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шыққан.

Нақтылай кетсек, Агенттік төрағасының көмекшісі атын жамылған Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап етуіне байланысты кінәлі деп танылды.

Бұдан бөлек, 2020 жылғы ақпанда Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында әрекет етіп, өзін Білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде көрсете отырып, балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 млн теңге талап еткен.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама