Мәжіліс депутаттары жұмысын бір минут үнсіздікпен бастады
3 қарашада Ленин шахтасында бес адам қайтыс болды
Мәжіліс депутаттары Қарағанды облысында шахтадағы апат салдарынан көз жұмған кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Шахтада болған апаттың салдарынан 5 адамның қаза тапқаны бәрімізге белгілі. Барлық депутаттық корпус атынан қайтыс болған кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Осыған байланысты қазаға ұшыраған азаматтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Еске сала кетсек, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші көз жұмған еді.
Президент «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі шахтадағы апаттың жиілеуіне қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды.
Кейін қаза тапқан кеншілердің отбасына пәтер берілетіні хабарланды.