Halyq Uni логотип
×

Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді

Жартылай финалда ұлттық құрама Испаниямен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2022 | 10:03
Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді
фото: ktf.kz

Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде «С» тобында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияның командасын ұтып, ширек финалға шықты.

Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кездесті.

Онда Рыбакина бірінші партияда есеп 1:1 болғанда қатарынан бес геймді ұтты. Есеп –  6:1.

Екінші сетті отандасымыз 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған кезде Рыбакина мүмкіндікті жібермей, 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шығып, ¼ финалға жолдама алды. Енді қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.

Бүгін «С» тобында Қазақстан командасы Испаниямен кездеседі. Оны жеңсе, жартылай финалға шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама