Қазақ қызы парадзюдодан әлем чемпионы атанды

Халық үні

Аталған турнирдің финалына Ерғали Шамей де шыққан болатын

фото: inform.kz

Әзербайжанның астанасы Баку қаласында парадзюдодан өтіп жатқан әлем чемипонатында Ақмарал Науатбек 48 келі салмақ дәрежесінде франциялық Аурериес Мартинет Сандринді ұтып, алтын жүлдені жеңіп алды. 

Бұл –  Қазақстан тарихындағы парадзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі.

Әлемдік доданың финалына Ерғали Шамей де шыққан болатын. Әлем чемпионатында 41 елдің 270 спортшысы бақ сынап жатыр.