Ұйымға экономикасы ең мықты және тез дамып келе жатқан елдер мүше
Биыл 1 желтоқсаннан бастап Үндістан G20-ға төрағалық етеді.
Премьер-министр Нарендра Модидің пікірінше, Үндістанның ұйым төраға болуы елдің сыртқы саясатта беделі артқанын көрсетеді.
2022 жылғы желтоқсанынан бастап Үндістан G20-ға төрағалық етеді. Бұл әлемде өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деді Нарендра Моди.
Сондай-ақ үкімет басшысы Үндістанның ұйымдағы логотипі мен сайтын таныстырды.
Айта кетейік, G20 – әлемдегі экономикасы ең мықты дамыған және тез дамып келе жатқан елдердің клубы. Оған Австралия, Аргентина, АҚШ, Бразилия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Үндістан және Еуропалық одақ елдері кіреді.
G20 cаммиттеріне Халықаралық валюта қоры, БҰҰ, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдардың да өкілдері қатысады.