Былтыр ЭКО-мен қанша сәби дүниеге келгені белгілі болды
Бұл салаға республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген
2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында шамамен 2,5 мың сәби дүниеге келді деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында жыл сайын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) жүргізуге 7 мың квота бөлінеді. Нәтижесінде былтыр 3 мың 249 әйел жүктілік бойынша есепке алынды, 2 мың 97 отбасында көптен күткен 2 мың 461 бала дүниеге келді. Оның 1 288-і – қыз, 1 172-сі – ұл. Көпұрықты жүктіліктен 364 бала жарық дүние есігін ашты.
Еске сала кетсек, 2020 жылғы 1 қыркүйекте президент Жолдауда 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге ұлғайтуды тапсырды. Оған республикалық бюджеттен 6 млрд-тан аса теңге бөлінді.