Командирлері алғашқы дүркін-дүркін соққы беріле бастаған кезде-ақ позицияны тастап, қашып кеткен
Ресей қарулы күштері қатарына Мәскеу қаласы мен облысынан мобилизация жасалған сарбаздар жаппай өз еріктерімен Украина әскеріне беріле бастады. Бұл туралы objectiv.tv хабарлады.
Әскери тілші Андрей Цаплиенконың айтуынша, Ресей армиясы 92-бригадасының бір топ жауынгері кеше Луганск облысының Сватово бағытында түгел өз еріктерімен тұтқынға түскен.
Жиырма бір әскери қызметкердің бәрі – Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысынан келгендер, – деп жазды әскери тілші.
Украин сарбаздары олардың бәрінің ешбір қарсылықсыз, «өз бастамаларымен» қолға түскендерін хабарлады.
Бұл олардың арғы мен бергіні ойлай алатын түйсіктері бар екенін көрсетеді, – делінген материалда.
Тұтқынға түскен жауынгерлер тағдырларына селсоқ қарайтын армия қатарында соғысқылары келмейтіндерін айтқан. Өйткені олар соңғы бірнеше күн бойы Сватово түбіндегі позицияда ас-тағамсыз, тіпті сусыз отырған. Командирлері алғашқы дүркін-дүркін соққы беріле бастаған кезде-ақ позицияны тастап, қашып кеткен.