Ғимараттар жермен-жексен болып, энергетикалық инфрақұрылым түгелдей қирады
Украинада соғыс басталған 24 ақпаннан бері 7 мыңға жуық адамның өмірі қиылған. Бұл – БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары басқармасының ресми мәліметі.
Сондай-ақ миллиондаған адам үйін тастап кеткен. Ғимараттар жермен-жексен болып, энергетикалық инфрақұрылым түгелдей қирады.
Бұған дейін америкалық «Вашингтон пост» басылымы «АҚШ Украина билігін Кремльмен келіссөз бастауға ынталандырып отыр» деп жазған еді. Киев болса, ешқашан келіссөзге қарсы болмағанын айтып, бұл үшін Ресей өз әскерін толық әкетуі тиіс екенін мәлімдеді.
«Бұған Путин дайын емес. Демек, тек келесі президентпен ғана келіссөз жүргізуге болады», - деген еді сонда Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі.