×

Маңғыстау облысында көне ағаш кеменің қалдығы табылды (ВИДЕО)

Археологтар бұған қатысты әлі пікір білдірмеді

 Халық үні 08.11.2022 | 14:42
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында тұрғындар теңіз жағалауы аумағынан көне ағаш кеменің қалдығын тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл көне жәдігерлердің нақты қай ғасырға тиесілі екені әзірге белгісіз. Алайда оны тапқан адамдардың айтуынша, шамамен 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасыр басындағы теңізде жүк тасыған көпестердің кемесі болуы да мүмкін.

«Біз теңіз жағалауында бір ғажайыптың куәгері болдық. Теңіз тартылғанда жағалаудан екі ағаш кеменің қаңқасы шықты. Бұларды ертеде адамдар пайдаланғаны анық.  Біз келсек, адамдар кеменің зәкірін қазып алып, металға тапсыруға әкетіпті. Егер астын қазса, басқа да қазына шығуы мүмкін», - дейді Маңғыстау тұрғыны.

Тұрғындар жағалаудан табылған кеме туралы айтқанымен, әзірге оған қатысты тарихшы-археологтардың тарапынан пікір айтылмады.

Маңғыстау облысы мәдениет басқармасы да теңіз жағалауынан табылған кемеге қатысты пікір білдірмеді.

Айта кетейік, 2021 жылы Танымал археолог Андрей Астафьев осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тапқаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама