Елімізде коронавирустан адам өлімі тіркелді
Елде 700-ге жуық науқас аурудан емделіп жатыр
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 жұқтырған бір адам қайтыс болды деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 47 адамнан коронавирус табылған, бір науқас аурудан көз жұмған.
СOVID-19-дан адам өлімі ұзақ уақыт ішінде алғаш рет тіркелді.
Елімізде пандемия басталғалы бері 1 млн 395 мың 47 адам коронавирус жұқтырды, 13 мың 693 адам індеттен қайтыс болды.
8 қарашадағы мәлімет бойынша, 693 адам коронавирустан емделуде.
Олардың ішінде 82 пациент стационарда, 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 8 науқастың жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.