Елдің басым бөлігіне тұман түсіп, қар, жаңбыр жауады
Синоптиктер 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлегінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр және қар жауады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.