×

Азия чемпионаты: Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен ұтты

Ол қырғыз спортшысын екі рет нокдаунға жіберді

 Дастан Жұмабекұлы 07.11.2022 | 17:35
фото: prosports.kz

Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Сағын Сатыбалдыны екі рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңді.

Бірінші раундта төрешілердің бесеуі де Нұрқанаттың қимыл-қозғалысын, соққыларын бас бармақпен бағалады. Екінші раундта Н.Райыс қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, нокаутты тіркеді.

Осылайша, Н.Сайыс жартылай финалға шығып, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама