×

Енді қазақстандықтар Иранға визасыз бара алады

Шешім қос ел арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді

 Дәурен Ерболат 07.11.2022 | 17:10
Фото: gov.kz

Биыл 11 қарашадан бастап Иран Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Иран Ислам Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап екі ел арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту үшін Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл біздің азаматарымызға Иранның аумағына 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан Үкіметінің биыл 7 шілдедегі №464 қауласымен қолайлы инвестиция ахуалды қалыптастыру, іскерлік байланысты жандандыру үшін еліміздің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді.

«Бұл шешім аталған елдің азаматтарына Қазақстан аумағына күнтізбелік 14 күнге дейін 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы 42 күн визасыз болуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама