Алматыда мопед қаққан жас режиссер жансақтау бөлімінде жатыр

Халық үні

Адам қаққан кінәлілер ауруханаға келіп Әділ Айжарықтың халін білуге де жарамаған

фото: instagram.com/beisekeyev

Алматыда 17 жастағы режиссер Әділ Айжарықты мопед (немесе мотоцикл) қағып, қазір жас режиссер ауыр халде ауруханада жатыр. Әділ Айжарық – АҚШ-та шетелдіктер асырап алған қазақ балалары туралы бірнеше деректі фильм түсірген Қанат Бейсекеевтің көмекшісі.

Қанат Бейсекеев қазір ауыр халде жатқан көмекшісіне қан керектігін айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Ниетті жандар Алматы қаласы, Бұқар жырау 47 мекенжайына барып, таңғы сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін қан тапсыра алады.

Қанат Бейсекеев жол апатына кінәлі кім екенін білмейді. Оның болжамынша, көшедегі мопедті (немесе мотоциклді) өзге көлік құралы соғып, ол қатты екпінмен Әділді қағып өтуі мүмкін.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерін жол апатына куәгерлер шақырған. Ал адам қаққан кінәлілер ауруханаға келіп Әділ Айжарықтың халін білуге де жарамаған.