Halyq Uni логотип
×

COVID-19: АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 млн дозасын жібермек

Оларды экспорттап, сатуға тыйым салынады

 Еркеғали Болатұлы 07.11.2022 | 14:07
COVID-19: АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 млн дозасын жібермек
фото: kazpravda.kz

Ашық НҚА порталында ҚР Үкіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісім жобасы жарияланды.

Осы келісім бойынша АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын жібергелі отыр.

Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балаларға арналған. АҚШ фармакопеясының талаптарына сәйкес, Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.

Келісімге сәйкес, бұл гуманитарлық көмек тек қазақстандықтарды вакциналауға беріледі. Оларды экспорттап, сатуға тыйым салынады.

Еске сала кетсек, 26 қазаннан бері Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны жоғарылаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама