Айдос Сұлтанғали – Әлем кубогының қола жүлдегері!
Қазақ балуаны алғаш рет Дүниежүзі құрама командасында өнер көрсетті
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында грек-рим күресінен Әлем кубогы үшін турнир аяқталды. Жылдың қорытынды бәсекесіне Айдос Сұлтанғали алғаш рет жасақталған Әлем құрамасы сапында қатысты.
Ол түрік балуаны Мукремин Ақтастан 7:1 есебімен басым түсіп, команданың жүлдені жеңіп алуына үлес қосты. Әлем құрамасы мен Түркия арасындағы текетірес 5:5 есебімен аяқталған. Бірақ нәтижелі ұпай бойынша 22:19 есебімен әлем құрамасы жеңіп кетті.
Бозкілем шебері кыркүйекте Белградта өткен әлем чемпионатында өз салмағында (60 келіге дейін) үздік үштіктен көрінген еді. Сол кезде оның медалі грек-рим күресінен ұлттық құраманың жалғыз жүлдесі болды.