Болат Жәмішев Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды

Бауыржан Мұқанов

Ол сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының төрағасы

Фото: Halyq Uni

Bank RBK директорлар кеңесінің 2022 жылғы 31 қазандағы шешімімен Болат Жәмішев банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Halyq Uni Қазақстан қор биржасына сілтеме жасай отырып.

Ол 2020 жылдың 30 қазанынан бастап Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Болат Жәмішев сонымен қатар 2022 жылдың 1 ақпанында «Қазақстан халқына» қорының төрағасы болып тағайындалған еді. 

Қордың мәліметінше, 2022 жылдың тамыз айындағы дерек бойынша, қорға ашылғалы бері 120,1 млрд теңге қаражат түссе, бүгінге дейін соның 12,3 млрд теңгесі қайырымдылыққа аударылған. 

Айта кетейік, Bank RBK активі қазіргі таңда 12 трлн теңгені құрайды, 1 қазандағы таза пайда 9,3 млрд теңгеге жеткен.