Halyq Uni логотип
×

Еліміздегі ірі тасжолдардан 5 мыңға жуық ақау табылған

Техникалық қадағалау қызметіне 100 млн теңгеден аса айыппұл салынды

 Еркеғали Болатұлы 07.11.2022 | 11:40
Еліміздегі ірі тасжолдардан 5 мыңға жуық ақау табылған
фото: Elitar.kz

Биыл Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы республикалық маңызы бар автожолдардан 5 мыңға жуық ақау анықтаған. Ал «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері бүкіл ақаудың 81 пайызын (4 мыңнан астамын) жойғанын мәлімдеді.

Ақауларды уақытылы жою жұмыстары Р-4 «Астана-Ерейментау-Шідерті», «Щучинск-Зеренді», «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы», «Семей-Қайнар», «Өскемен-Семей» және басқа күре жолдарда жүргізілген. Қалған ақауларды жыл соңына дейін жою жоспарланып отыр.

Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына тікелей жауапты техникалық қадағалау қызметтерінің жұмысын жобаның басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін тұрақты негізде тексеріп тұрады.

Бұл ретте департамент қызметкерлері сарапшылар мен зертханалық жабдықтар көрсеткен және техникалық ерекшелікке сәйкес басқа да пунктерді қадағалайды.

Биылғы 11 айда техникалық қадағалау қызметіне салынған айыппұлдың жалпы сомасы 100 млн теңгеден асып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама