Денсаулық сақтау министрлігі Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты
Денсаулық сақтау министрлігі «Оқ-жетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы ведомство ресми Telegram-арнасында хабарлады.
Кеше, 6 қарашада 57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «Оқ-жетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев өмірден өткен еді.
«Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты, Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы бола отырып, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Марқұмның отбасы мен жақындарына қамқор әкесінің және жұбайының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз», - делінген министрліктің желідегі жазбасында.
Айта кетейік, 2019 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қайрат Беркінбаев мемлекеттік награда – ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған. Қайрат Беркінбаев – танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі.