×

Ақтөбеде футбол ойыны кезінде төбелес болды (ВИДЕО)

Матч барысында жанкүйерлер арасында түсінбестік болған

 Халық үні 07.11.2022 | 01:03
фото: видеодан скриншот

«Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары арасында футболдан кейін жанкүйерлер арасында төбелес болды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД-нің мәліметінше, полицейлер жағдайды дер кезінде бақылауға алған.

Матч барысында жанкүйерлер арасында түсінбестік болғанмен, тәртіп бұзылмады. Эмоцияға бой алдырған жанкүйерлермен полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді, - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болаты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама