Украинаның барлық аумағында әуе дабылы іске қосылды
Украина әскері Донбастағы позицияларын бермей ұстап тұр
Бүгін Украинаның барлық аумағында әуе дабылы іске қосылды. Өткен түнде Ресей Днепропетров, Запорожье облыстарын зымырандармен атқылаған. Никополь қаласының өзіне 40-тай снаряд жіберілді.
Бірнеше көпқабатты үй, жер үй мен газ құбырына зақым келген. Ал Запорожьеде зымыран бірнеше кәсіпорын, автокөліктерге түскен. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Донецк облысының Бахмут және Соледар қалаларында өткен аптадан бері қиян-кескі шайқас болып жатыр. Украина әскері Донбастағы позициясын бермей ұстап тұр.
Тағы бір мәліметке қарағанда, Ресей армиясы Херсоннан кетпей, керісінше әскерге жаңадан шақырылған жауынгерлерін тарту арқылы бекіністерін күшейте түскен.