×

«Арселордың» тағы бір шахтасында апат болды

Салдарынан бір адам қайтыс болды

 Бауыржан Мұқанов 06.11.2022 | 14:28
Сурет: Қазақпарат

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасынан қызметкердің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адамның денесі бүгін шахта аумағынан табылған.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болып, 5 адам қайтыс болған еді. 

Жалпы, шахталар «АрселорМиттал» қолына өткелі 16 жылда 114 кісі өлімі болғанын бұған дейін жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама