Halyq Uni логотип
×

Түркі елдері банктерінің қауымдастығы құрылды

Бес елдің банктері арасында тікелей корреспонденттік қатынастар орнамақ

 Бауыржан Мұқанов 06.11.2022 | 14:00
Түркі елдері банктерінің қауымдастығы құрылды
Фото: Halyq Uni

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның банк бірлестіктері Түркітілдес мемлекеттер банк қауымдастықтары кеңесін құрды, деп хабарлайды Әзірбайжан банктерінің қауымдастығы.

«Бейсенбі күні Ыстамбулда түркітілдес елдердің (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия) банк бірлестіктері өкілдері кездесуі өтті. Отырыс барысында «Түркітілдес мемлекеттері банетерінің қауымдастық  кеңесін» құру туралы шешім қабылданып, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды», – деп хабарлады Әзірбайжан банктерінің қауымдастығы.

ӘБҚ мәліметінше, кеңестің негізгі қызметі мүше елдер арасында тауарлар мен қызметтерді ұсынуды кеңейту, ұйымдастырылған қаржылық және банктік қызметтермен капитал қозғалысын қамтамасыз ету, түркітілдес елдердің қаржы институттары арасында тікелей корреспонденттік қатынастар орнату, заманауи ақпараттық технологиялар мен халықаралық стандарттар негізінде қаржылық қызметтердің инфрақұрылымын жетілдіру.

Сонымен қатар, кеңес қатысушылардың қаржылық және банктік заңнамасын, оның ішінде нормативтік құжаттарды және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру саласындағы бірлескен ынтымақтастықты талдайды. Қауымдастық атап өткендей, кеңес отырыстары кеңеске мүше елдерінде кезектесіп, жылына бір немесе екі рет өткізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама