×

Жеңіліп көрмеген боксшымыз басты жекпе-жегінде нокаутқа түсіп қалды

Орта салмақтағы WBA Regular чемпионы белбеуіне таласқан еді

 Еркеғали Болатұлы 06.11.2022 | 11:20
фото: prosports.kz

Өз мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) жас кубалық Дэвид Моррельге (7-0, 6 КО) қарсы титулдық жекпе-жекте алғаш рет жеңіліс тапты. Оның өзі жай жеңіліс емес, нокаутқа түсіп қалды.

Бұл жекпе-жекте олар екінші орта салмақтағы WBA Regular чемпионы белбеуіне таласқан еді. Сол сәтте кубалық боксшы жекпе-жектің алғашқы минуттарында-ақ шаршы алаңда Айдос Ербосынұлын тықсырып тастап, біраз ұпай жинап алды.

Ал соңғы 12-раундта Моррела өзі жоспарлаған айла-шарғысын сәтті жүзеге асырып, қазақстандық қарсыласын нокаутқа жіберді.

Миннеаполистегі бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) өнер көрсетіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Кәсіби аренадағы үшінші жекпе-жегінде ол америкалық Демаркус Лейтонды техникалық нокаутпен жеңді (8-3-1, 5 КО).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама