250 адам қауіпсіз жерге шығарылған
Ресейдің Кострома қаласындағы «Полигон» түнгі клубында болған өрттен соңғы деректар бойынша 13 адам көз жұмған, тағы 4 адам зардап шеккен. 7 қараша қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, «Полигон» дәмханасында өрт түнгі 02.30-да басталған. 250 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Өрттің шығуына кінәлі адам ұсталды.
«Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері өрттің шығуына кінәлі адамды Кострома қаласындағы көңіл көтеру орындарының бірінен ұстады. Қазіргі уақытта ол тергеу органдарына берілді», - делінген хабарламада.
Өрт пиротехниканың жарылуынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Тергеу комитеті абайсызда адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.