×

«Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға грант 60%-ға ұлғайтылды

«Болашақ» стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада құрылды

 Айнұр Шошаева 05.11.2022 | 11:25
Фото: news.myseldon.com

Президенттік стипендия жүзеге асырылған 29 жыл ішінде 11 мың 800-ден астам жоғары білікті маман даярланды, деп хабарлайды Halyq uni.  

Стипендия асында білім саласы үшін мыңнан астам кадр дайындалды. Олар әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жатыр. Сондай ақ  900-ге жуық түлек денсаулық сақтау саласында қызмет етеді және жыл сайын ондаған мыңнан астам күрделі кардио- және нейрохирургиялық ота жасайды, жаңа дәрілер мен ауыр сырқаттарды емдеу әдістерін ойлап табады.

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған түлектер еліміздің өсіп-өркендеуі жолында қызмет етіп жатыр. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Болашақ» стипендиясының транформациясы жүргізілді. Бағдарлама мамандықтарының тізімі сұранысқа қарай жаңартылған. Техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60%-ға дейін ұлғайтылды. Алдағы уақытта да «Болашақ» бағдарламасын жетілдіруді жалғастырамыз», – деп жазды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин

Қазіргі уақытта 1200-ге жуық қазақстандық 29 елдің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, ғылыми орталықтары мен ұйымдарында тағылымдамадан өтіп жатыр.
Бағдарлама стипендиаттары Колумбия, Гарвард, Принстон, Оксфорд университеттерінде және т.б. әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама