Полицейлер алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты
Тәртіп сақшылары кез келген ақпаратты ресми ресурстарда екі рет тексеруді ұсынады
Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері алаяқтықтың жаңа түрінің пайда болуына байланысты азаматтардан әлеуметтік желіден келген сілтемелерге өтпеуді сұрайды.
Петропавлдықтар бір-біріне мессенджерлерде айыппұл туралы хабарлама және белгілі бір жеке кабинетке сілтеме көрсетілген скриншоттарды жіберіп жатыр. Өңірдегі криминалдық полиция қызметкерлері бұл бұл жағдайға түсініктеме берді.
Айыппұлдың бар-жоғы туралы ақпаратты тек ресми арналардан алу керек: электрондық үкіметтің бірыңғай байланыс орталығына (1414) қоңырау шалу немесе полицияға хабарласу арқылы. Ешқашан күдікті сілтемелерге өтпеу керек: құрылғыны қауіпті вируспен жұқтыру қаупі бар, ол арқылы алаяқтар сіздің құпия ақпаратыңызға және банктік шоттарыңызға қол жеткізуі мүмкін, - деп атап өтті криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Поддернин.
Солтүстік Қазақстан облысында «айыппұл» туралы хабарламаларға байланысты полицияға өтініштер әлі тіркелген жоқ. Алайда, бірыңғай байланыс орталығында криминалдық полиция қызметкерлеріне азаматтардан күдікті хабарламалар бойынша сұрақтар келгенін растады.
Полицейлер кейде мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде адамдарға келетін түрлі акциялар, жүлделер ұтыс ойындары және басқа да «тартымды» ұсыныстар туралы сілтемелерге өтпеу керектігін атап өтті. Тәртіп сақшылары кез келген ақпаратты ресми ресурстарда екі рет тексеруді ұсынады.