Halyq Uni логотип
×

Азия чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты

Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдылығымен өтті

 Халық үні 05.11.2022 | 07:52
Азия чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты
фото: inform.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Санжар 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдылығымен өтіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті 19 жастағы Санжар Тәшкенбайға берді.

С.Тәшкенбай жастар арасында әлем және Азия чемпионы болса, қарсыласы да осал емес. Ол биыл 22 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігінде топ жарған.

Осылайша, Санжар командаласы Санатәлі Төлтаевтың кеткен есесін қайтарды. С.Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Руслан Абдуллаевтан ұтылып қалған болатын.

Бүгін рингке шыққан үш қазақстандық боксшы да жекпе-жектерін сәтті өткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама