Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда жас ана екі айлық сәбиімен есірткі жасырып жүрген

Балалы әйел бұндай әрекетке барады деп  ешкім ойламаған 

 Халық үні 04.11.2022 | 21:58
Көкшетауда жас ана екі айлық сәбиімен есірткі жасырып жүрген
фото: видеодан скриншот

Көкшетауда емізулі екі айлық сәбиімен есірткі жасырып жүрген жас ана ұсталды. 26 жастағы келіншек баланы сырт көз қылмысын байқамауы үшін пайдаланған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Жас босанған ана Астанадан осы кәсіппен айналысу үшін арнайы келіпті. Полицейлер астаналық келіншекті ұстағанда екі айлық баласы көлігінің алдыңғы орындығында жатқан.

Дүниеге келе сала, анасының ауыр қылмысына куә болғанын сәби түсінген де жоқ. Ал оның әкесі де осы кезде қаланың бір шетінде оралған есірткіні жасырумен айналысып жүріпті. Күдікті келіншек синтетикалық дәріні электр бағаналарының түбіне, ағаштың қуысына, тіпті орталық саябақтағы орындықтың астына дейін жасырып сауда көзін тапқан.

Осылай шапқылап жүргенде сәбиін қолынан тастамаған. Өйткені балалы әйел бұндай әрекетке барады деп  ешкім ойламайды дейді полицейлер. Жедел-іздестіру шарасы кезінде қылмыстық топтың үш адамнан құралғаны анықталды. 

Олар Астанадан Көкшетауға есірткі тарату үшін келген. Сәбиді де сол мақсатқа пайдаланған. 134 түйір орамада есірткіге ұқсас зат тәркіленді. Сотмедициналық сараптама тағайындалды. Ешқайда шықпау туралы қолхатпен мәжбүрлі түрде ішкі істер органына келуге міндеттелді. Аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді  Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама