Ол филиппиндік Маржон Пианьярмен шеберлік байқасты
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан құрамасының капитаны, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Маржон Пианьярмен шеберлік байқасты.
Бірінші раунд боксшылар бір-бірімен барынша тіресіп баққанымен, Асланбектің басымдылығы байқалды. Ал екінші раундта қазақстандық боксшы әуелі М.Пианьярды нокдаунға жіберді. Содан кейін тағы бір соққымен сұлатып түсірді.
Бүгін сондай-ақ аса жеңіл салмақта Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жұдырықтасады.