Шындық тек Алла үшін!, - дейді ол
Көпшілікке «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасынан кейін алғаш рет бейнеүндеу жасады. Бұл бейнежазба Жұмагелдиевтің серіктесі Нұржан Иманәлиевтің instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп жазды Halyq Uni тілшісі.
Әссәләму әлейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Әлхамдулиллаһ! Маған қарсы жүріп жатқан әділетсіздіктердің барлығына, Аллаһ маған керемет қамқоршы. Иншаллаһ! Аллаһ шешеді! Шындық тек Алла үшін!, - деді Арман Жұмагелдиев.
Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталған болатын. Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленген.