МКК салықты уақытында төлеуге шақырды
Қарашада төленуге тиіс салықтарды төлеуді ұмытпаңыз
Дәурен Ерболат
04.11.2022 | 17:54
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды салықты уақытында төлеуге шақырды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қарашада төленуге тиіс салықтарды төлеуді ұмытпаңыз, – деп жазылған МКК таратқан хабарламада.
Тұрғындар төмендегі салықтарды төлеуге міндетті:
7 қараша
- Жеке практикамен айналысатын тұлғаның жеке табыс салығы (ЖТС);
21 қараша
- Акциздер + құрылымдық бөлімшелер үшін акциздер;
- ЕАЭО шеңберінде импортталатын тауарларға жанама салықтар;
25 қараша
- Төлем көзінен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер;
- Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен арнайы салық режимі бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер;
- Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер;
- Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы;
- Қосылған құн салығы;
- Экспортқа рента салығы;
- Пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
- Жер және мүлік салықтары бойынша ағымдағы төлем;
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша ағымдағы төлем;
- Ойын бизнесіне салынатын салық;
- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін ағымдағы төлем;
- Жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
- ЖЭО бөлшек сауда салығы;
- Шетелдік интернет-компаниялардан алынатын ҚҚС (Google салығы).