×

Брекешев астаналықтарға көмір жағуға тыйым салуды ұсынды

 Дәурен Ерболат 04.11.2022 | 17:13
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 2025 жылдан кейін елордалықтарға көмір жағуға тыйым салуды ұсынды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін министр Астана тұрғындарымен кездесті. Жиында экобелсенділер қыста жер үйлерден келетін түтін қаланың ауасын ластайтынын айтып, бұл мәселені шешу керектігін атап өтті.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов проблема елордаға толық газ тартылған кезде шешілетінін жеткізді. Кейін астаналықтарға отын жағуға тыйым салу көзделіп отырғанын айтты. Серікқали Брекешев бұл мәліметті растады.

2025 жылға дейін Астана толық газдандырылса, тек газ пайдалану керек деген ұсынысымыз бар. Көмірге тыйым салып, пайдалануға болмайды деген ұсынысты пысықтап жатырмыз. Әрі қарай көреміз енді. Бірінші газдандыру шаруасын бітіріп алайық, кейін нақты бір шаралар қолданамыз, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама