×

Журналистерге арнайы мәртебе беріледі - Дархан Қыдырәлі

Министр БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігі артатындығын жеткізді

 Динара Амантай 04.11.2022 | 13:03
Фото: facebook.com/aqparatqogam

Елімізде журналистердің мәртебесін белгілейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы БАҚ басшыларымен кездесуінде айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында ведомство басшысы көпшілікті бүгінгі күні министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, журналистерді дайындау мен біліктілігін арттыру және статусын көтеру тұрғысынан іске асатын жобалар туралы айтты.

Мәжіліске ұсынылуы жоспарланып отырған масс-медиа туралы заңның басым бағыты бұл журналистердің статусын көтеруге бағытталған. Біріншіден, журналистерге әлеуметтік жағдай жасау көзделіп отыр. Бірақ, бұл журналистің сөз бостандығын шектемейді. Жеңілдетілген несие алуына, баспанамен қамтылуына мүмкіндік береді, – деді Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ, министр заң жобасына сәйкес БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігі артатындығын жеткізді.

Журналиске берілетін жауаптың мерзімін қысқартуды ұсынып жатырмыз. Журналист журналистік зерттеуге қатысты кез келген ақпаратты оңай алу керек, – деді министр.

Сондай-ақ кездесу барысында Дархан Қуандықұлы бас редакторлардың ұсыныстарын тыңдап, аудандық, қалалық басылымдардың жай-күйіне қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама