Halyq Uni логотип
×

Әлем чемпионатының финалисі Махмұд Сабырханға бір бөлмелі пәтер берілді

Махмұд Сабырхан Белградтағы ӘЧ финалында жапон боксшысы Тамоя Цубойдан жеңіліп қалды

 Халық үні 25.11.2021 | 13:54
Әлем чемпионатының финалисі Махмұд Сабырханға бір бөлмелі пәтер берілді
Махмұд Сабырхан, фото: facebook.com/akimat.shymkent/

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханға тұрғын үй сертификатын табыстады.

Былғары қолғап шеберіне қала әкімдігі мен бокс федерациясы бірлесіп «Стандарт» тұрғын үй кешенінен 1 бөлмелі пәтер берілді.

Еске салсақ, Белградта өткен әлем чемпионатында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы жалпы командалық есепте ІІ орын алды. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпиондары атанса, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдеге, Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болды.

Белградта өткен әлем чемпионатының финалында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапон боксшысыТамоя Цубойдан 0:5 есебімен жеңілді. Бірінші раундта Махмұд аздаған басымдықпен жеңіске жеткенімен, қалған екі раундта төрешілер басымдықты жапон боксшына берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама