Halyq Uni логотип
×

Алматыда ресейлік блогер жауапқа тартылды

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 3 бабы бойынша хаттамалар толтырылды

 Динара Амантай 04.11.2022 | 10:42
Алматыда ресейлік блогер жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ресейлік блогер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласының полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының 21 жастағы Т. есімді азаматты жауапқа тартты.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі («Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау»), ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі («Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу») мен ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі («Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы») бойынша хаттамалар толтырды:

Бұған дейін Алматыда шетел азаматы ұрланған көлікпен зират қоршауларын бұзғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама