Украинадан ешқандай «лас бомбаны» таба алмадық  –  МАГАТЭ

Дастан Жұмабекұлы

Заңсыз ядролық қару жасалатындай ешбір материал жоқ

фото: glavnoe.in.ua

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) нұсқаушылары Украинадан ешқандай да «лас бомбаның» ізін таба алған жоқ.

Бұл туралы rbc.ru хабарлады.

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік Украинаның «лас бомба» дайындап жатқаны турасында Ресей таратқан мәліметке қатысты өз «үкімін» шығарды. МАГАТЭ Украинада «лас бомба» дайындалып жатуының ешқандай белгісін таппады, – деп мәлімдеді ұйымның бас директоры Рафаэль Гросси.

Украина үкіметінің өтініші бойынша украин жеріндегі үш ошақты тексерген Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің нұсқаушылары заңсыз ядролық қару жасалатындай ешбір материал таба алмады.