Halyq Uni логотип
×

«Дереу шаралар қабылдау қажет». Смайылов заңнамалық өзгерістерді жедел енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы заңнаманы артық талаптардан «тазарту» қажет екендігін айтты

 Динара Амантай 04.11.2022 | 09:53
«Дереу шаралар қабылдау қажет». Смайылов заңнамалық өзгерістерді жедел енгізуді тапсырды
Фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын негізсіз талаптарды қайта қарау және қысқарту жөніндегі жұмыс барысы қаралды деп, хабарлады Halyq Uni тілшісі.  

Бүгінде 44 қызметтің 26 саласында реттеуші актілерді талдау жалғасып жатыр. Бұл жұмысты 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл ретте мемлекеттік органдар бұрын талданған 18 сала, оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай өндіру, көлік және сауда бойынша құқықтық және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу рәсіміне кірісті.

Премьер-министр басқа салалардағы реттеуші актілерді талдауды тездету қажеттігіне назар аударды және осы жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, бизнеске қойылатын артық талаптарды жою үшін заңнамалық өзгерістер жедел енгізілуі тиіс.

Тездету керек. «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдау тапқан және мақұлданған талаптар бойынша заңнаманы «тазарту» қажет: бұл нормаларды бұйрықтар мен қаулылардан алып тастау керек. Талдау жұмысы аяқталғанша күтпеңіздер. Қажетсіз талаптар анықталды ма? Жұмысын тоқтату үшін оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдау қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ кеңесте бизнестің проблемалық, оның ішінде Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырыстарында көтерілген мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды орындау барысы қаралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама