Бүгін ауа райы қалай болады?
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанда құбылмалы күн райы сақталады
Синоптиктер бүгінгі, 4 қарашадағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Елдің барлық аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болады, – деп жазылған хабарламада.
Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады.