×

СҚО-да ана өлімін жасырған облыстық аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді

 Самат Жақып 25.02.2022 | 17:29
Петропавл қаласы, облыстық аурухана

Солтүстік Қазақстан облысында бесінші баласын дүниеге әкеліп, қайтыс болған Әйгерім Қазезованың өліміне қатысты жүргізілген тексерістен кейін, Тайынша аудандық орталық ауруханасының директоры Анатолий Рафальский отставкаға кетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов мәлімдеді.

Жақында еліміздің бірнеше өңірінен тәуелсіз сарапшылар шақыртылып, олар тексеріс жүргізді. Бірқатар былықтың беті ашылды. Осыған байланысты күні кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов, Тайынша ауданындағы медициналық мекеменің директоры Павел Рафальский жұмысынан босатылған мәлімдеген болатын. Келеңсіз жағдайға қатысы бар деген тағы бір жауапты бүгін орнынан кетті. Ол облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері – Юрий Белоног. Мұны Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Науқас Әйгерім Қазезованың өліміне қатысты облыста тәуелсіз комиссия жұмыс істеді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, оның барысында барлық фактілер расталды. Осыған байланысты нақты шешімдер қабылданды. Қызметінен босатылғандар: Юрий Белоног - көпсалалы облыстық аурухананың бас директоры, Анатолий Рафальский - Тайынша аудандық ауруханасының директоры», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама